ProNGO жобасы туралы
ProNGO азаматтық бастамалар платформасы азаматтық бастамаларды қолдауға, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ҮЕҰ, мемлекеттік органдар және қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.
«ProNGO: азаматтық бастамаларды ілгерілетудегі әріптестік» іс-шарасы — оқыту семинары мен мини-хакатон форматындағы жиын.
Азаматтық бастамаларды қолдау
Үздік бастамалар байқауы озық жобаларды ұсынады. Іс-шарадан кейін біз мұнда жеңімпаздарымыздың презентациялары мен сілтемелерін жариялаймыз.
  • ProNGO: азаматтық бастамаларды ілгерілетудегі әріптестік семинары
    ҮЕҰ өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділеріне арналған оқыту іс-шарасы.
  • Мини-хакатон
    Инновациялық азаматтық бастамаларды әзірлеу және таныстыруға арналған алаң.
    !!! Мини-хакатонда тиімді жұмыс істеу үшін әр командада кемінде бір ноутбук болғаны жөн. Бұл идеяларды жедел әзірлеуге және жобаның презентациясын дайындауға мүмкіндік береді.
  • Үздік бастамалар байқауы
    Жеңімпаз жобаларға гранттар беру арқылы озық бастамаларды іріктеу.
ProNGO іс-шарасының кезеңдері

Оқыту семинары

Қатысушылар азаматтық бастамаларды дамыту және ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы бойынша білім алып, нақты кейстерді талдайды.
Мини-хакатон
ҮЕҰ командалары мен бастамашыл топтар әлеуметтік идеяларды әзірлеп, шешімдер ұсынады және оларды сарапшыларға таныстырады.
Шағын гранттар конкурсы
Қазылар алқасы үздік бес бастаманы анықтап, әрқайсысына жобаларды іске асыру үшін
1 000 000 теңге көлемінде мини-грант береді.
ProNGO іс-шарасының бағдарламасы
10:30 – 11:00
10:30 – 11:00
Қатысушыларды жинау және тіркеу. Қошемет кофе-брейк
11:00 – 13:30
11:00 – 13:30
«ProNGO: азаматтық бастамаларды ілгерілетудегі әріптестік» оқыту семинары
13:30 – 14:30
13:30 – 14:30
Кофе-брейк / нетворкинг
14:30 – 17:30
14:30 – 17:30
Азаматтық шешімдерге арналған мини-хакатон
Командалардың әлеуметтік жобалармен жұмыс істеуі және презентацияларды дайындауы
17:30 – 17:50
17:30 – 17:50
Қазылар алқасының жұмысы
17:50 – 18:20
17:50 – 18:20
Қорытындыны жариялау, қатысушыларға сертификаттарды табыстау және жеңімпаздарды марапаттау
Семинар бағдарламасы
Семинар қатысушыларға азаматтық бастамаларды ілгерілетуге қажетті дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
Семинардың мақсаты
Азаматтық бастамаларды тиімді ілгерілету үшін қажетті білім мен дағдыларды беру.
Толығырақ
Азаматтық бастамалар саласында практикалық тәжірибесі бар танылған сарапшылар.
Толығырақ
Тіркелу
Іс-шара күні
Сіз іс-шараға офлайн түрде немесе Zoom арқылы онлайн қатыса аласыз.
  • Онлайн қатысу
    Онлайн қосылуды жоспарлаған қатысушылар үшін Zoom-трансляция қолжетімді болады.
    Қосылу сілтемесі тек тіркелген қатысушыларға формада көрсетілген e-mail немесе WhatsApp нөміріне жіберіледі.
    👉 Zoom-сілтемені алу үшін міндетті түрде тіркеліңіз.
  • Офлайн қатысу
    Іс-шараға офлайн форматта қатыса аласыз.
    Өтетін мекенжай тіркелгеннен кейін қолжетімді болады.
  • Форматтың икемділігі
    Қатысу форматын өзіңізге ыңғайлы түрде таңдай аласыз — онлайн немесе офлайн.
Семинар бағдарламасы
ProNGO: азаматтық бастамаларды ілгерілетудегі әріптестік
10:30 – 11:00
10:30 – 11:00
Қатысушыларды тіркеу және қошемет кофе-брейк
Қонақтарды жинау, тіркеу, ерте нетворкинг.
11:00 – 11:10
11:00 – 11:10
Семинардың ашылуы
Ұйымдастырушылардың құттықтауы, ProNGO жобасы мен іс-шара мақсаттарының қысқаша таныстырылымы.
11:10 – 12:00
11:10 – 12:00
Сессия 1.
Азаматтық бастамаларды дамыту
Актуалды әлеуметтік мәселелер мен ҮЕҰ және бастамашыл топтар үшін мүмкіндіктерге шолу.
Мәселелерді анықтау және бастамалардың бағыттарын белгілеу бойынша жұмыс.
12:00 – 13:00
12:00 – 13:00
Сессия 2. Бастамаларды жобалау және әзірлеу
Жобалық идеяларды қалыптастыру негіздері, шешімді құрылымдау, жоспарлау тәсілдері.
Бастама тұжырымдамасын әзірлеу бойынша практикалық жұмыс.
13:00 – 13:30
13:00 – 13:30
Сессия 3. Мемлекеттік органдармен әріптестік және өзара іс-қимыл
Қазіргі ынтымақтастық механизмдерін талқылау, тиімді әріптестіктің мысалдары.
Сұрақтарға жауап беру және тәжірибе алмасу.
13:30 – 14:30
13:30 – 14:30
Кофе-брейк және нетворкинг
Мини-хакатон
ҮЕҰ, бастамашыл топтар және белсенді азаматтар үшін инновациялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге арналған іс-шара.
Толығырақ білу

ProNGO мини-хакатонының бағдарламасы
14:30–14:40
14:30–14:40
Тіркеу, қатысушыларды қарсы алу, хакатонның мақсаттарын түсіндіру
14:40–14:50
14:40–14:50
Азаматтық бастамаларды қорғау тәртібі бойынша нұсқаулық
14:50–16:20
14:50–16:20
Жобаларды қазылар алқасының алдында таныстыру
(әр командаға 5–7 минут + сұрақтарға жауап беру уақыты)
16:20–16:40
16:20–16:40
Қазылар алқасының мәжілісі
Қатысушылар өзара сөйлеседі, кері байланыс формаларын толтырады / нетворкинг
16:40–17:10
16:40–17:10
Нәтижелерді жариялау, сертификат тапсыру, қазылар алқасының пікірлері
Жалпы фото
ProNGO мини-хакатоны деген не?
Мини-хакатон — командалардың әлеуметтік идеялар бойынша қарқынды жұмыс жүргізетін форматы. Қатысушылар проблеманы талдап, шешім ұсынады, презентация дайындайды және оны сарапшылар алдында қорғайды.
Мақсат — қала мен қоғамға пайда әкелетін шынайы, өзекті және іске асырылатын азаматтық бастама әзірлеу.
Командалардың жұмысы қалай өтеді
  • Жаңадан команда құрылады немесе қолданыстағы команда жұмысын жалғастырады.
  • Қатысушылар қала немесе қауымдастық өміріне қатысты өзекті проблеманы таңдайды.
  • Команда шешім әзірлейді: нені өзгерту немесе жақсартуды ұсынады.
  • Сонымен қатар 3–5 минуттық қысқа презентация дайындалады.
  • Дайын болған командалар қазылар алқасының алдында өз шешімдерін қорғайды.
Қазылар алқасы нені бағалайды
Жобалар келесі өлшемдер бойынша бағаланады:
  • таңдалған әлеуметтік проблеманың өзектілігі;
  • ұсынылған шешімнің анықтығы мен қисындылығы;
  • шынайылығы (іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі);
  • қалаға, ауданға немесе белгілі бір топқа әкелетін пайдасы;
  • команданың қатысу белсенділігі және жобаны қалай жүзеге асыратынын түсінуі;
  • өзгеріс әкелу немесе тұрақты нәтиже қалыптастыру әлеуеті.
Сәтті командаға арналған ұсынымдар
Мини-хакатонда тиімді жұмыс істеу үшін әр командада кемінде бір ноутбук болғаны жөн. Бұл идеяларды жедел әзірлеуге және жобаның презентациясын дайындауға мүмкіндік береді.

1. Проблеманы нақты тұжырымдаңыз
«Бәрі жаман» емес, нақтырақ:
кім, қай жерде, қалай және неге бұл мәселеге тап болады?
2. Шынайы шешім ұсыныңыз
«Жақсарту керек…» деген жалпы ой емес,
командаңыз жүзеге асыра алатын нақты іс-әрекет.
3. Ой — қарапайым, іс — шынайы болсын
Ең үздік жоба — ең үлкені емес, ең орындалатыны.
Жақын уақытта жүзеге асыруға болатын нәрсеге назар аударыңыз.
4. Күтілетін нәтижені анықтаңыз
Не өзгереді? Кім үшін? Қандай пайда әкеледі?
Нәтижесіз жоба — тек арман.
5. Командалық жұмысты көрсетіңіз
Жоба бір адамға ғана сүйенетінін сарапшы бірден байқайды.
Рөлдерді бөліңіз, командалық дайындықты көрсетіңіз.
6. Сенімді сөйлеңіз
Сізде 3–5 минут қана.
Бастысы:
  • проблема;
  • шешім;
  • оның қала үшін маңызы;
  • қалай жүзеге асады;
  • қандай әсер береді.

Азаматтық шешімдер мини-хакатонының жеңімпаздарының бастамаларын іске асыруға шағын гранттар беру туралы 

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «ProNGO» азаматтық бастамалар платформасы» жобасы аясында шағын гранттар беру мақсаттарын, тәртібін, шарттары мен талаптарын айқындайды. Жоба «Белсенді Азамат» қоғамдық қоры арқылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы және «Астана қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат басқармасы» ММ қолдауымен жүзеге асырылады.
1.2. Шағын гранттар азаматтық шешімдер мини-хакатонының қорытындылары бойынша оқыту семинарларына қатысқан үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтардың өкілдері арасынан таңдалған жеңімпаз командаларға беріледі.
1.3. Шағын гранттар берудің мақсаты  - Астана қаласындағы әлеуметтік, экологиялық және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған үздік азаматтық бастамаларды практикалық тұрғыда іске асыруды қолдау.

2. Қатысушылар және қатысу шарттары

2.1. Шағын грант алуға конкурсқа тек төмендегі талаптарға сай командалар қатыса алады:
• «ProNGO: азаматтық бастамаларды ілгерілетудегі әріптестік» атты оқыту семинарына қатысқан;
• азаматтық шешімдер мини-хакатоны аясында жобалық идея ұсынған;
• мини-хакатон қорытындысы бойынша қазылар алқасы анықтаған бес жеңімпаздың қатарына енген.
2.2. Бір қатысушы тек бір команда құрамында ғана бола алады.
2.3. Грант мини-хакатон шеңберінде әзірленген нақты бастаманы іске асыруға беріледі.
2.4. Грант иегерлері жобаны белгіленген мерзімде іске асырып, толық есепті ұсынуға міндетті.

3. Грант мөлшері және беру тәртібі

3.1. Барлығы 5 шағын грант беріледі, әрқайсысының мөлшері  - 1 000 000 (бір миллион) теңге.
3.2. Қаражат қайтарымсыз негізде, бірақ тек өтінімде және қазылар алқасы бекіткен мақсаттарға сәйкес пайдаланылады.
3.3. Қаражат жобаны іске асыруға қажетті ұйымдастырушылық шығындарды, материалдар мен қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ жобада көзделген іс-шараларды өткізуге жұмсалуы мүмкін.
3.4. Грант қаражатын төмендегі мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді:
• қатысушылардың жеке қажеттіліктеріне;
• жоба шеңберінен тыс жалақы төлеуге;
• бастама мазмұнына қатысы жоқ өзге мақсаттарға.

4. Жеңімпаздарды іріктеу және бекіту тәртібі

4.1. Бастамаларды іріктеуді үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар және тәуелсіз сарапшылар өкілдерінен құралған қазылар алқасы жүргізеді.
4.2. Бағалау критерийлері:
• бастаманың өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;
• нәтижелердің шынайылығы мен тұрақтылығы;
• инновациялық деңгейі;
• кеңейту әлеуеті.
4.3. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді, ұйымдастырушы бекітеді және жеңімпаздармен келісімшарт жасасудың негізі болып табылады.

5. Грант иегерлерінің міндеттері

5.1. Жобаны толық көлемде және белгіленген мерзімде іске асыру.
5.2. Шығармашылық есеп ұсыну, оның ішінде:
• нәтижелердің мәтіндік сипаттамасы;
• бастаманы іске асыруды растайтын фото және бейнематериалдар;
• қатысушылардың немесе бенефициарлардың пікірлері (болған жағдайда).
5.3. Визуализация және брендинг талаптарын сақтау (жоба мен серіктестер логотиптерін пайдалану).
5.4. Жоба қорытындысы бойынша визуалды кейстер мен аналитикалық жазба дайындауға жәрдемдесу.

6. Есептілік және бақылау

6.1. Ұйымдастырушы гранттардың іске асырылуын бақылауға, қосымша құжаттар мен растауларды сұратуға құқылы.
6.2. Қорытынды есеп бастаманы іске асыру аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
6.3. Келісімшарт шарттары орындалмаған жағдайда, грант иегері пайдаланылмаған немесе мақсатсыз жұмсалған қаражатты қайтаруға міндетті.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Осы Ереже бекітілген сәттен бастап күшіне енеді және жобаның есепті кезеңі аяқталғанға дейін қолданылады.
7.2. Гранттарды іске асыру кезінде туындайтын даулы мәселелер ұйымдастырушы және тапсырыс берушімен бірлесе отырып жұмыс тәртібінде шешіледі.

Қосымшалар:
• Бастамаларды іріктеу жөніндегі қазылар алқасының хаттамасы;
• Грант иегерімен жасалатын келісімшарт үлгісі;
• Шығармашылық есеп нысаны (фото және бейне сілтемелер бөлімімен).



Желаем участникам успехов!

Будем на связи!
belsendiazamat2022@gmail.com
Made on
Tilda